«Жас қанат»
республикалық байқауы
    Қаз  /  Рус
АЛҒАШҚЫ ТУР АРТТА ҚАЛДЫ

 

Байқауға дайындықтың алғашқы күнінен бастап жақсы өнер көрсетуге білек сыбана кіріскен қатысушылардың ойын сергітіп, таным көкжиектерін кеңейту мақсатында Опера және балет театрында экскурсия өтті. Аталмыш экскурсия өнер ордасында өткендіктен болар, үміткерлерді бір серпілтіп тастады.

12 мамырда «Жас қанат-2017» жас әншілердің XXVІ республикалық байқауының бірінші концерті өтті. Биылғы байқаудың ерекшелігі формат еркіндігінде. Себебі, қазылар алқасы қатысушылармен жақын танысу мақсатында көкейдегі сұрақтарын қойып, олармен диалог құрды. «Жас қанат-2017» байқауында мерейтойлық «Жас қанаттың» жеңімпазы Парасат Отан өнер көрсетті. Құрамында Нұрлан Абдуллин, Ерлан Көкеев, Бақыт Шадаева, Маржан Арапбаева сияқты «Жас қанаттан» шыққан жарқын жұлдыздары бар әділқазылар алқасының төрағасы болып Медеу Арынбаев тағайындалды.

Байқау шарты бойынша жартылай финалға 9 қатысушы өтеді. Ал, 10-өнерпаз жартылай финалға «Жас қанат» байқауының бас продюсері Мұрат Ерғалиев лайық деп тапқан жағдайда ғана жолдама алады. Бірінші турдың қорытындысы бойынша 147 ұпайды еншілеген павлодарлық Мадияр Бахтияров пен 140 ұпай жинаған петропавлдық Бүркіт Жанай үздіктер қатарында. Ал қарағандылық Жансая Нұрмағанбетова жартылай финалдың 10-қатысушысы ретінде таңдалды.

«Жас қанат-2017» байқауының жартылай финалына өткендер:

1. группа «IN CORO», ӨСКЕМЕН

2. Джулия ТөлеуХАН, 21 жас, АСТАНА

3. Бүркіт Жанай, 20 жас, ПЕТРОПАВЛ

4. Томирис Жанғазинова, 15 жас, АЛМАТЫ

5. Мадияр Бахтияров, 28 жас, ПАВЛОДАР

6. Дина Мырза, 18 жас, ӨСКЕМЕН

7. Анель Смаилова, 18 жас, ТАЛДЫҚОРҒАН

8. Мануэль, 30 жас, АҚТАУ

9. Азат Айтбеков, 21 жас, ТАРАЗ

10. Жансая Нұрмағанбетова, 19 жас, КАРАҒАНДЫ

Өкінішке орай, Дина Қанайбекова, Бексұлтан Әлімбек, Әлихан Қайырбеков және Анель Исина жартылай финалға өтпеді. Бірақ олар «Жас қанат-2017» байқауының гала-концертіне қатысуға мүмкіндік алады.

Ертең, яғни, 13 мамыр күні сағат 17:00-де «Жас қанат-2017» байқауының жартылай финалының болатынын ескертеміз. Онымен қоса, «Арманға бір қадам» сайысы «Жас қанат-2018» байқауының болашақ қатысушыларын анықтайды!

«Жас қанат-2017» жас әншілердің XXVІ республикалық байқауының баспасөз орталығы

 

Поделиться с друзьями: