«Жас қанат»
республикалық байқауы
    Қаз  /  Рус
Ақтық мәреге бір қадам

 

«Жас қанат-2017» жобасының екінші байқау күні аяқталды. Он қатысушы Бейбітшілік және келісім сарайының байқау сахнасына тағы бір рет шығу мүмкіндігін иеленді.

Қонақ ретінде өнер көрсеткен «Жас қанаттың» түлектері Маржан Арапбаева мен Дихан Ильяшев та толқу үстінде болды.

Маржан байқауда ең алғаш рет өнер көрсеткендегі қобалжуын ашық айтып берді. Сондай-ақ, «Жас қанат» қатысушыларына қолдаудың да өте маңызды екенін атап кетті.

Әнші кеш жұлдызына айналды,ол қатысушыларға сахна сыртында өзін сахнада қалай ұстау керектігі жөнінде ақыл айтып, Мадияр Бахтияровпен қазылардың сұхбаттасуының арасында дуэт болып ән шырқады. Байқау бағдарламасында осымен екінші жыл «байқау ішінде байқау» өтуде. Жаңа дәстүр әділқазылар мен көрермен тарапынан күшті қолдау тапты.

«Арманға бір қадам» – келер жылғы «Жас қанатқа» қатысуға үміткерлердің арасында өтетін кастинг. Бес үміткер бүгінгі күні қолдарынан келетін өнерін паш етті. Ал қазылар алқасы «Жас қанат-2018» байқауында бақ сынайтын қатысушыны таңдауы қажет болды. Әділқазылар келер жылы байқауға қарағандылық Арманай Абдымамунова қатысады деп шешті. Осы орайда да Маржан Арапбаева көпшіліктен дараланып, жас қатысушыға ән жағынан көмектесем деп уәде берді, ал Медеу Арынбаев Арманай мен «Жас қанаттың» тағы бір потенциалды қатысушысы Ақерке Амалятқа әнді өңдеуге қолғабыс ететінін айтты.

Жас қанаттың «жас орындаушылары» ән шырқап жатқанда, «тәжірибелі» жартылай финал қатысушылары өз қорытындыларын асыға күтті. Төзімді тауысар күтулер финалистердің басынан өткен қуаныштың қасында ештеңе емес. Екінші байқау күнінің көшбасшылары – Бүркіт Жанай мен Мадияр Бахтияров. Олардың арасын екі балл ғана бөлді.

Өкінішке орай, байқау ережелерін өзгертуге қазылардың өзі де қауқарсыз, сондықтан жартылай финалға бес қатысушы өтпей қалды. Олар Жансая Нұрмағанбетова, АзатАйтбеков, Мануэль және Джулия Төлеухан.

Осы жылы «Жас қанаттың» бас продюсері Мурат Иргалиев финалға өткен бес қатысушыдан тыс бір үміткерді келесі кезеңге өткізу құқығын пайдаланған жоқ. Финалистер «Жас қанаттың» басты жүлдесі, «алтын қанатты» алу жолында тағы бір рет өнер көрсетеді.

Ертең, яғни, 14 мамыр 16:00-де әділқазылар мен байқау қонақтарының қатысуымен пресс-конференция өтетінін еске саламыз.

«Жас қанат-2017» XXVI Республикалық жас орындаушылар байқауының баспасөз орталығы

+7-707-328-38-35 Наталия

+7-777-210-70-17 Ирина

 

Поделиться с друзьями: