«Жас қанат»
республикалық байқауы
    Қаз  /  Рус
«ЖАС ҚАНАТТЫҢ» ЖЕРЕБЕ ТАСТАУ РӘСІМІ

 

10 мамыр күні «Жас қанат» байқауы қатысушыларының реттік нөмірін бекіту мақсатында жеребе тастау рәсімі өтті. Бұл рәсімді көптен күткен үміткерлер өнер көрсету реттілігін анықтап, байқауда сәттілік әкелер сандарын алғанша қатты толқыды. Жеребе тастауға байқаудың ақпараттық қолдаушысы болып табылатын «Хабар» агенттігінің өкілі ретінде «Kazakh TV» арнасының бас продюсері Айкүміс Сәрсенбаева қатысты.

Жеребе бойынша алғашқы болып өнер көрсететін шырайлы Шымкент қаласының тумасы Дина Қанайбекова болса, байқаудың І кезеңін қарағандылық Жансая Нұрмағанбетова аяқтайды. Ал қазақта қасиетті саналатын жеті санында өнер көрсететін «Жас қанат-2017» байқауының ең жас орындаушысы Томирис Жанғазинова:

- Менің ойымша, сандардың ешбір маңыздылығы жоқ. Бастысы, сенің орындау шеберлігің мен өнеріңді халыққа жеткізе алуың. Бірақ, 7 менің ең сүйікті саным, - деп пікір білдірді.

«Жас қанат-2017» жас орындаушылар байқауының алғашқы концерті 12 мамыр күні 18:30-да төмендегі қатысушылар реті бойынша өтеді:

1. Дина Канайбекова, 23 жас, ШЫМКЕНТ

2. группа «IN CORO», ӨСКЕМЕН

3. Джулия ТолеуХАН, 21 жас, АСТАНА

4. Беркут Жанай, 20 жас, ПЕТРОПАВЛ

5. Бексултан Алимбек, 23 жас, ОҚО

6. Алихан Каирбеков, 24 года, КӨКШЕТАУ

7. Томирис Жангазинова, 15 жас, АЛМАТЫ

8. Мадияр Бахтияров, 28 жас, ПАВЛОДАР

9. Дина Мырза, 18 жас, ӨСКЕМЕН

10. Анель Смаилова, 18 жас, ТАЛДЫҚОРҒАН

11. Мануэль, 30 жас, АҚТАУ

12. Анель Исина, 18 жас, ӨСКЕМЕН

13. Азат Айтбеков, 21 жас, ТАРАЗ

14. Жансая Нурмаганбетова, 19 жас, ҚАРАҒАНДЫ

«ЖАС ҚАНАТ» АЛЛЕЯСЫ ЖАҢА АҒАШТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Дәстүрлі түрде өтетін ағаш отырғызу науқаны – әр көктем сайын көрерменін қуантатын «Жас қанат» байқауының бірден-бір ерекшелігі. Байқау қатысушылары биыл да дәстүрді бұзбай «Жас қанат» аллеясында ағаш егу рәсімін өткізді. Әрбір қатысушы өзі салған ағаштың жайқалып өсетініне қалай сенсе, орындалатынына солай сенген асыл арманын қобдишаға салып ағаш тамырымен бірге көмді.

«Жас қанат-2017» жас әншілердің XXVІ республикалық байқауының баспасөз орталығы

 

Поделиться с друзьями: