«Жас қанат»
республикалық байқауы
    Қаз  /  Рус
«ЖАС ҚАНАТ» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

 

Жеңіс күнінің қарсаңында жаңа маусымдағы «Жас қанат» байқауы басталып кетті! Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өнерлі жастар ішкі тәртіп ережелерімен, байқау шарттарына енген өзгерістермен және әр қатысушыға ұсынылатын келісімшартпен толық танысты. Апта бойы қатысушылармен тығыз жұмыс жасайтын байқау режиссері Александр Пономарёв үміткерлерге кәсіби тұрғыдан бағыт-бағдар берді.

- Байқау барысында бастарыңнан өтетін, болмыстарыңмен сезінетін барлық әсерлерді есте сақтаңдар. Себебі, сендер дүйсебі күні ұйқыдан оянғанда «Жас қанат» жобасы аяқталып қояды. Бұл апта өте шығады. Алайда, байқауда алынған тәжірибе, кездескен өмірлік достар өздеріңмен қалатынын есте сақтаңдар! – деді байқаудың бас продюсері Мұрат Ерғалиев.

Кейіннен жастарға Елорда сәулет өнерінің бірегей туындысын, байқау кезеңдерінде өнер көрсететін киелі сахнасын көрсету мақсатында Бейбітшілік және келісім сарайында экскурсия өткізілді. Пирамиданың құрылыс кешенімен танысқан жастар орталық атриумға топтасып, тілек тіледі. Келесі күні «Жас қанат» жобасының қатысушылары «Думан» ойын-сауық орталығына барды. Океанариумды қызықтаған жастар естелік суреттерге түсті.

10 мамыр күні сағат 11:00-де Бейбітшілік және келісім сарайының «Бесік» конференц залында қатысушылардың реттік санын анықтайтын жеребе тастау рәсімі өтеді.

«Жас қанат-2017» жас әншілердің XXVІ республикалық байқауының баспасөз орталығы.

 

Поделиться с друзьями: