«Жас қанат»
республикалық байқауы
    Қаз  /  Рус
Шарты

 

"Жас қанат – 2017" республикалық жас орындаушылар байқауының ережесі

1. Байқау жыл сайын өтеді

2. Басты мақсат – меценаттар мен демеушілер тарта отырып, талантты жас орындаушылардың қатарын көбейту, композиторлар мен ән әрлеушілерге қолдау көрсету.

3. Жеке орындаушылар мен ұжымдық ансамльдер қатыса алады.

4. Байқауда үш ән орындалады. Репертуар таңдауда шектеу жоқ. Бірақ әннің заманауи әрленуіне мән беріледі. Ән ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек.

5. 30 жасқа дейінгі жастар ғана қатыса алады.

6.Байқауды өткізу үш кезеңнен тұрады.

* Өтініш пен фонограмма қабылдау (толығырақ 9-бапта айтылады)

*Үміткер әншілердің фонограммасын алдын-ала тыңдап, келесі айналымға жіберу.

*Байқау Астана қаласында өтеді. (20 үміткер ғана іріктеледі).

7. Байқау 2017 жылдың сәуір айына жоспарланған. (Нақты уақыты қосымша хабарланады).

8. Үміткерлер өз қолдарымен толтырылған өтініштерін, 3 ән фонограммасын және түрлі-түсті суретін, мүмкіндігі келсе бейнематериал жіберуі қажет.

Электронды пошта арқылы жіберілген өтініштер мен фонограмма қабылданбайды.

9. Өтініште көрсетілуі қажет мәліметтер:

Жеке әншінің аты-жөні, әкесінің аты; туған жылы мен айы, күні; жұмыс және оқу орыны немесе әскери бөлімшесі.

Ансамбльдің атауы, құрамы, жетекшісінің аты-жөні, әкесінің аты.

Пошта және электронды мекенжайы, байланыс телефондары нақты жазылып, қысқаша шығармашылық жолы баяндалуы тиіс.

Өтініштер 2017 жылдың ақпан айына дейін ғана қабылданады.

10. Байқауда үміткер әуен сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. (-1)

11. Үміткерлер байқау ұйымдастырушыларына аудио-бейне жазбаларының пайдалану құқығын береді.

12. Үміткерлер жол ақысын өздері көтереді немесе жіберуші жақ төлейді.

13. Үміткерлердің өнерін ұйымдастырушылар жасақтаған кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамына көрнекті музыканттар, композиторлар, орындаушылар, продсерлер, концерттік бірлестік жетекшілері кіреді.

14. Қазылар алқасы лауреаттар мен дипломанттарды, арнайы жүлде иегерлерін анықтайды. Жеңімпаздарға диплом, қаржылай сыйақы және демеушілер сыйлығы тапсырылады.

15. Өтініштер мен материалдар жіберу үшін: 050060, Қазақстан Республикасы. Алматы, әл Фараби даңғылы, 99 үй, 142 кеңсе. "Аэлита" тұрғын үй кешені.

тел: 87273151654

"Жас қанат – 2017" байқауының ұйымдастыру комитетіне

 

ӨТІНІШ

Жас орындаушылардың "Жас қанат" 26-республикалық байқауына қатыстыруларыңызды сұраймын.

"Жас қанат" байқауының ережелерімен келісемін.

 

Аты-жөні, тегі: (қазақ және орыс тілінде)........................

Қаласы.......................................

Туған күні............, туған жері...............

Төлқұжаты ....................№..............берілген уақыты......

Пошта мекенжайы (Анықтап жазылуы керек).............. ...................................................................................................

Жұмыс немесе оқу орыны

.....................................................

Байланыс телефоны (үй, жұмыс, ұялы байланыс)

.................................

Электронды мекенжай

.........................................

Репертуар

1.

Әннің атауы:.................................

Композитордың толық аты-жөні......................

Өлеңнің авторы ...........................................

2.

Әннің атауы:.............................................

Композитордың толық аты-жөні......................

Өлеңнің авторы ...........................................

3.

Әннің атауы:...................................

Композитордың толық аты-жөні......................

Өлеңнің авторы ...........................................

Биографиялық анықтама

Күні "....."................20.....ж. Қолы............

 

Поделиться с друзьями: