«ЖАС ҚАНАТ»
республикалық байқауы
    Рус  /  Қаз
№2 Баспасөз релизi

 

Құрметтіәріптестер!

«Жасқанат-2023» 29-шыРеспубликалықжасорындаушыларбайқауыныңбаспасөзорталығыкезекті хабарын жолдайды!

 

29-шыРеспубликалық «Жасқанат -2023» жасорындаушыларбайқауынадайындыққалайжүріпжатқанынан хабардар еткіміз келеді!

Біріншіден, биыл бұлбайқау ерекше форматта өтеді. Бұрын «Жас қанат» үш күн бойы «минус 1» фонограммасымен өтетін. Енді олай емес. Биыл жас таланттар әр сайыс күні әртүрлі музыкалық сүйемелдеумен өнер көрсетеді деген шешім қабылданды. Байқаудың бірінші күні олар өз әндерін Александр Беляков жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шырқайды. Екінші күні «минус 1» фонограммасымен өнер көрсетеді. Ал үшінші күні оларды гитарист, аранжировкашы, композитор, музыкалық продюсер және дирижер Илья Башкатов басқаратын, құрамында  6 инструменталшы, 4 үрмелі аспапшы және 3 бэк-вокалист бар бэнд сүйемелдейтін болады.

Байқаудаалғашрет Гран-при тағайындалды! Бұғандейін «ЖасҚанатта» небәрі 3 жүлделіорынболған. Енді «Азия дауысы» фестивалі мен «Жасқанат» байқауыныңнегізінсалушылар-МұратЕрғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-при пайда болды.

Сондай-ақ, «Жас Қанат 2023» аясында «ЖАС ҚАНАТ – БАЛАЛАР» бірінші республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтеді. Жас дарындар екі номинация – вокал жәнесурет байқауы бойынша бақ сынамақ. Жарыс 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылып, сол күні басталады. Ұйымдастырушылардың жоспарынша, мектеп оқушылары соңғы қоңыраудан кейін Республика сарайына келіп, осы байқауды тамашалай алады. Оны ересектер мен жас қатысушылар «Жас қанат» әнұранымен ашады.

Балалардың сурет байқауы туралы айтайық. Іріктеу кезеңінде, «Азия дауысы» деген сөз тіркесі нені елестетеді, сол туралы сурет салу тапсырмасы берілген еді. Балалардың жұмыстары біз күткеннен де асып түсті. Ондағы іріктеудің қалай өтіп жатқанын @azia.dauysy instagram парақшасынан көре аласыздар. Ең қызықты жұмыстар «Жас қанат - 2023» байқауы өтетін Алматыдағы Республика сарайының фойесіндегі көрмеге қойылады.

Айтпақшы, байқау күндері фойеде үш көрме өтеді: аты аңызға айналған халықаралық «Азия дауысы» фестивалі фотомұрағатының көрмесі, балалар сурет көрмесі және «Азия дауысы – 2023» сахналық эскиздерінің көрмесі. Сахналық эскиздерді салу Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттеріне тапсырылған болатын. Үздік эскиз авторы 100 000 теңге жүлде алады. Шоу тек сахнада ғана емес, оның сыртында да өтуі үшін Республика сарайының фойесінде тик-токерлерге арналған киіз үй орнатылмақ.

«Жас қанат-2023» байқауы аясында біз өмірден өтіп кеткен, осы байқауға қатысы бар азаматтарды еске алатын боламыз. Бұл өте әсерлі сәт болады. Қалай өтетіні әзірге құпия.

Қазір біз тек «ЖАС ҚАНАТ. БАЛАЛАР - 2023» байқауына қатысатын жас таланттардың тізімін жариялай аламыз:

1. САМИНА МЫРЗАЛИЕВА, АСТАНА, 9 ЖАС

2. АСЫЛ МҰРАТ, АСТАНА, 12 ЖАС

3. ӘЛИХАН НҰРЛЫБЕК, АСТАНА, 13 ЖАС

4. ДАСТАН ТҰРДАЛЫ, АЛМАТЫ, 11 ЖАС

5. РОКСАНА СЫЧЕВА, АЛМАТЫ, 10 ЖАС

6. ӘМИНА ӘБДІЛБЕКОВА, АЛМАТЫ, 13 ЖАС

7. ӘДІЛЕТ РЫСБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

8. АҚНИЕТ ЖАНКЕЛДІ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

9. ЫРЫСГҮЛ ҚАЙРАТБЕК, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

10. СЕЗІМ САПАРБЕК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

11. КӘУСАР БОЛАТ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

12. ӘМИНА АСҒАТОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

13. ТҰМАРХАНЫМ ИКЛАСБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

14. АЙЗАТ ШАНИЯР, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

15. ДІЛНАЗ ЕЖИРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

16. АДЕЛ КЕРЕЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, 9 ЖАС

17. НҰРШАТ ҚҰСАНОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, 13ЖАС

18. ЕҢЛІК БАЙЗАХ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, 13 ЖАС

19. ЗЕРЕ ЖҮНІСБАЙ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

20. ИНАБАТ ТОЙТЕБАЙ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

21. БАЛЫМ НЫСАНАЛЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

22. ШАХИСЛАМ ӘБДІҒАЗИЗ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, 9 ЖАС

 

Әріптестер, сіздерге фотосуреттер, сұхбат ұйымдастыру немесе басқа да қосымша материалдар қажет болса, біздің баспасөз орталығына хабарласа аласыздар.

+7 777 363 2820, j-kanat-smi@internet.ru

 

Бас демеуші: «ASTANA MOTORS» ҚМК«CHERY» сауда белгісімен

Ресми телеарна - Almaty.tv

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» және «Вечерний Алматы».

Ақпараттық қолдау: 1-канал Евразия, НТК, Хабар, MUZZONE TV, Business FM, RadioCity, Business Kazakhstan, Қала мен Дала, Kursiv, Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Nege.kz, Arbat.media, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, DALA INSIDE және Қазақстан баспасөз клубы.

 

Поделиться с друзьями