«ЖАС ҚАНАТ»
республикалық байқауы
    Рус  /  Қаз
№5 Баспасөз релизi

 

Құрметті әріптестер!

«Жас қанат-2023» 29-шы Республикалық жас орындаушылар байқауының баспасөз орталығынақош келдіңіздер!

Бүгін Алматыдағы Республика сарайында 1-3 маусым аралығында өтетін 29-шы Республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының жеребе тарту рәсімі өтті. Бүгін «Жас қанат. Балалар» қатысушыларының сахнаға шығу тәртібі мен негізгі конкурсанттардың бірінші байқау күні сахнаға шығу тәртібі анықталды. Екінші жарыс күнінің жеребе тарту рәсімі бірінші күннен кейін өтеді. Ал үшінші финалдық жарыс күнінде байқау қазылар алқасы тек 7 үздік финалистерді бағалайды.

Бүгінгі жеребеде көз жасы да, қуаныш та қатар жүрді. Мұндай салмақты шараны ашу үлкен мәртебе және жауапкершілік. Қатысушыларды жэиналғандар жылы қолдап отырды.

«Біз қаламызда байқаудың қайта жанданып, жаңа таланттардың жарқырағанын қалаймыз», - деді құттықтау сөзінде, бас продюсер Арманжан Байтасов. «Осы байқаудың және қайта жанданған «Азия дауысы» фестивалінің арқасында Алматымыз бұдан да жақсырақ танылмақ».

Жеребе тартушыларға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тілегін қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев жеткізді. Ол байқаудың туған жеріне оралғанына қала әкімдігі қуанышты екенін атап өтті. «Қатысушыларға кәсіби қазылар алқасының қатаң іріктеуінен өту оңай болмағанын білеміз. Алматыға қош келдіңіздер және баршаларыңызға сәттілік тілейміз. Бұл шілденің соңында өтетін «Азия дауысы» сияқты қала үшін зәкірлік жобаға назар аудартуы керек», - деді, Ғани Майлыбаев. Айтпақшы, «Жас қанат» байқау күндерінің бірі туған қаласы Алматыға арналмақ.

Ал қазылар алқасының төрағасы Медеу Арынбаев конкурсанттарға «Қазылар алқасын өз талантымен қуантып қана қоймай, көрермендердің жүрегін жаулау маңызды» деген жылы тілегін білдірді.

Енді жеребеге қайта оралсақ. Сонымен, «ЖАС ҚАНАТ. БАЛАЛАР – 2023» байқауының конкурсанттары келесі ретпен сахнаға шығады:

1. САМИНА МЫРЗАЛИЕВА, АСТАНА, 9 ЖАС

2. АСЫЛ МҰРАТ, АСТАНА, 12 ЖАС

3. ӘЛИХАН НҰРЛЫБЕК, АСТАНА, 13 ЖАС

4. ДАСТАН ТҰРДАЛЫ, АЛМАТЫ, 11 ЖАС

5.  РОКСАНА СЫЧЕВА, АЛМАТЫ, 10 ЖАС

6.  ӘМИНА ӘБДІЛБЕКОВА, АЛМАТЫ, 13 ЖАС

7. ӘДІЛЕТ РЫСБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

8. АҚНИЕТ ЖАНКЕЛДІ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

9. ЫРЫСГҮЛ ҚАЙРАТБЕК, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

10. СЕЗІМ САПАРБЕК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

11. КӘУСАР БОЛАТ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

12. ӘМИНА АСҒАТОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

13. ТҰМАРХАНЫМ ЫҚЛАСБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

14. АЙЗАТ ШАНИЯР, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

15. ДІЛНАЗ ЕЖІРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС

16. АДЕЛ КЕРЕЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, 9 ЖАС

17. НҰРШАТ ҚҰСАНОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, 13 ЖАС

18. ЕҢЛІК БАЙЗАХ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, 13 ЖАС

19. ЗЕРЕ ЖҮНІСБАЙ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

20. ИНАБАТ ТҮЙТЕБАЙ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 12 ЖАС.

21. БАЛЫМ НЫСАНАЛЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, 11 ЖАС

22. ШАХИСЛАМ ӘБДІҒАЗИЗ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, 9 ЖАС

Ал «Жас Қанат - 2023» байқауының қатысушылары жарыстың бірінші күні мына ретпен сахнаға шығады:

1. ӘСЕМ ЕДІГЕ, 27 жас, Қарағанды

2. ЕРНАЗАР ЖҰБАН, 27 жас, Алматы

3. ДИАС ЖОРАБЕК, 19 жас, Алматы

4. ҚЫМБАТ ЖАМБЫЛБЕК, 23 жас, Жамбыл облысы

5. АЛИНА САҒЫНБАЕВА, 16 жас, Астана

6. АБАЙ ҚЫРЫҚБАЕВ, 27 жас, Қарағанды

7. НАРИМАН ЖОЛДАСБЕКОВ, 27 жас, Петропавл

8. БЕНАЗИР ӘЛІМХОДЖАЕВА, 23 жас, Алматы

9. МӘДИНА ҚАБДОЛЛА, 20 жас, Павлодар

10. КАМИЛЛА РАМАЗАНОВА, 18 жас, Қарағанды

11. ДИЛНАЗ САПАРҒАЛИЕВА, 20 жас, Астана

12. ЕРАСЫЛ МҰҚАНОВ, 18 жас, Астана

13. АРУЖАН БИСЕМБАЙ, 20 жас, Орал

14. ЕРАСЫЛ ИНІБЕК, 25 жас, Үшарал

15. АЛЕКСАНДРА ТУРЕЦКАЯ, 22 жас, Астана

16. ЖАНЕЛЬ АТАМБЕКОВА, 16 жас, Сарыағаш

17. САФУАН КӨРЕГЕНОВ, 26 жас, Шиелі, Қызылорда облысы

18. АЛМАГҮЛ БАТТАЛИЕВА, 23 жас, Алматы

19. НАРГИЗ ЖАНҰЗАҚОВА, 17 жас, Ақтөбе

20. НҰРАСЫЛ САТЫБАЛДЫ, 23 жас, Шымкент

Жеребе соңында «Жас қанат-2019» байқауының жеңімпазы Дидар Әбдіхалық өз әндерімен тәнті етті.

 

Әріптестер, сіздерге фотосуреттер, сұхбат ұйымдастыру немесе басқа да қосымша материалдар қажет болса, біздің баспасөз орталығына хабарласа аласыздар.

+7 777 363 2820, Марат Қайырбеков. j-kanat-smi@internet.ru

 

Бас демеуші: «ASTANA MOTORS» ҚМК«CHERY» сауда белгісімен

Ресми телеарна - Almaty.tv

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy»  және «Вечерний Алматы».

Ақпараттық қолдау: 1-канал Евразия, НТК, Хабар, MUZZONE TV, Business FM, RadioCity, Business Kazakhstan, Қала мен Дала, Kursiv, Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Nege.kz, Arbat.media, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, DALA INSIDE және Қазақстан баспасөз клубы.

 

Поделиться с друзьями