Самина отбасында ұзақ күткен перзент, егіздің тұңғышы. Біздің байқауымыздың жасы ең кіші қатысушысы. Кішкентайынан ән айтқанды, сахнаға шыққанды жақсы көреді. Үлкен аудиториядан жасқанбайды. Музыка мектебіне барады, әрі жекеменшік вокал студиясында дәріс алады. Түрлі конкурстарға қатысқан ол қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың бас жүлделерін иемденген.
Үлкен сахнада болуды аңсайды. Бұл арманы біздің «Жас қанат. Балалар» байқауында аз да болса орындалады деп сенеміз, өйткені байқау еліміздің ең үлкен сахналарының бірінде өтеді.
АСЫЛ МҰРАТ
Асыл Қазақстанның елордасы Астана қаласында тұрады. Биыл 7-ші сыныпты тәмамдады. Орта мектептен басқа вокал бойынша «ДоStar» мектебіне барады. Оған қоса актерлік шеберлік бойынша дәріс алып, бимен шұғылданады. Көптеген конкурстар мен фестивальдарға қатысқан. Сонымен бірге Асыл қалалық концерттік, қайырымдылық бағдарламаларға жиі қатысады.
Бос уақытында Асыл инстаграмына бейнероликтерді түсіргенді және кітап оқығанды ұнатады. Өзінің болашағын шығармашылық және музыкамен байланыстырады.
ӘЛИХАН НҰРЛЫБЕК
Ол Астанада тұрады. Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясындағы оқуын №1 өнер мектебіндегі фортепиано сыныбындағы және «Вокалист» студиясындағы оқуымен сабақтастырады. Көптеген конкурстардың жеңімпазы. Сонымен бірге Әлихан спортты жақсы көреді, әсіресе футболды.
Өнердегі сүйікті әртістері Димаш Құдайберген, Майкл Джексон, Бруно Марс, Лучано Паворотти, Робертино Лоретти. Ал үлкен арманы Димаш Құдайбергенмен бірге ән орындау.
ӘМИНА ӘБДІЛБЕКОВА
Әмина Әбділбекова актриса, әнші, әрі квн-шы.Тележүргізушілікпенде айналысуда.Алматы қаласында туған. Көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты. Әмина бес республикалық байқаудың бас жүлдесін иемденген.
Оған қоса еліміздің намысын халықаралық сахнада да қорғап үлгерген. «Орфей Италияда» халықаралық байқауында лауреат атанған. Саксафон сыныбында оқиды. Еңбекқор, ізденімпаз, позитивті жан.
ТҰРДАЛЫ ДАСТАН
Дастан 3 жасынан ән айтып, 5 жасынан байқауларға қатыса бастады. Сөйтіп 6 жылдың ішінде 6 халықаралық байқаудың, 12 республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған. Ән айтудан басқа актерлік шеберлігімен танылып келеді. «Қорқыт», «Әке мен әке», «Табиғат сақшылары» фильмдер мен сериалдарда басты рөлдерді сомдаған.
Дубляжға да өз үлесін қосуда. Дастан домбырада, пианинода ойнайды. Актерлік шеберліктен дәріс алып, каратэмен шұғылданады. Атақты «Жайдарман» КВН командасымен бірге өнер көрсеткен. Еңбекқор, әрі ізденімпаз!
РОКСАНА СЫЧЁВА
Роксана кішкентайынан ән айтуды, би билеуді, сурет салуды жақсы көреді. Ән өнерімен кәсіби түрде 4 жасынан шұғылданады. Көптеген қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған. Актерлік шеберлік курстарына барады.
Сурет салуды үйренуде және ушумен шұғылданады. Жақында өзінің YouTube арнасын ашып, өзінің өнері жайлы және үй жануарларының күнделікті қызықтарымен бөліседі(үш үй жануары бар). Мысықтарға арналған үлкен орталық салуды армандайды және мал дәрігері мамандығын игеруді мақсат етеді. Болашақта рок –группа құрып, үй жазба студиясын ашуды жоспарлауда. Оған қоса дизайнер немесе жаттықтырушы мамандықтары да қызықтырады.
ӘДІЛЕТ РЫСБАЙ
Әділет Жезқазған қаласында дүниеге келген. 4 жасында ата-анасы оның әншілік пен бишілікке қызығушылығын байқаған. Ұлдарының бұл дарындылығын дамыта бастаған. Қосымша Әділет өзін спортта да көрсете бастады. Таэквондомен шұғылданып, 7 жасында чемпион атанады. Қалалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз болады.
Қазір Әділет өнер мектебінде вокал және домбыра бойынша дәріс алуда. Сонымен бірге үлкен тенниспен шұғылданып, «Тоғыз құмалақ» және шахматпен айналысады. Болашақта шығармашылықтың жаңа белестерін бағындыруды мақсат етеді.
АКНИЕТ ЖАНКЕЛДЫ
Ақниет Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 5 жасынан бастап биге қатысып, «Шалқыма» би ансамблінің құрамында өнер көрсетті. Сахнадағы алғашқы жетістігі 2017 жылы «Созвездие талантов» байқауында болды, онда ол І орынға ие болды. Келесі жылы Алматы қаласында хореография өнері бойынша өткен «Экзерсис» VII Халықаралық конкурс-фестивалінен тағы да І орын иеленді.
Би мен әнді бірге алып жүрген Ақниет әнші ретінде де конкурстарға қатысып таныла бастады. Өнерден басқа спортта да үлкен жетістікке жеткен. 2023 жылы Киокушинкай-кан каратэден ашық Облыстық турнирінен ІІ орды жеңіп алды. Қызғылт сары белбеу иегері!
ЫРЫСГҮЛ ҚАЙРАТБЕК
Ырысгүл Қайратбек 5 жасынан ән айтады. Көптеген байқауға қатысып жүлделі орын алған. Шетелдерде де елінің намысын беделді байқауларда қорғап келеді. Фортепианода ойнайды. Бос уақытында таза ауада серуендегенді ұнатады.
Музыкалық өнер мектебінде фортепиано классы бойынша 2-ші сыныпта оқиды. Сүйікті әншілері Роза Рымбаева, Маржан Арапбаева, Селин Дион. Сүйікті кейіпкері Гарри Поттер. Ырысгүл болашақта Димаш Құдайберген ағасы сияқты қазақ өнерін әлемге паш етуді армандайды.
СЕЗІМ САПАРБЕК
2010 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Отбасындағы 4 баланың бірі. Павлодар қаласының №25 мектебінде оқиды. Көптеген республикалық, облыстықбайқаулардың жүлдегері.
2022 жылы Ақтөбе қаласында өткен Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ән падишасы» байқауында 1 орынды жеңіп алған. 2023 жылы Шымкент қаласында өткен «Ұлы дала» байқауында 1 орын, 2023 жылы Алматы қаласында өткен «Ана туралы жыр» байқауында 2 орын алған. Енді міне «Жас қанат. Балалар» байқауында бағын сынамақ.
КӘУСАР БОЛАТ
Кәусар Ақтау қаласында дүниеге келген. Мектепте озат оқушы. Арт студия, би, актерлік шеберлік, стилистика, дефиле үйірмелеріне қатысады. Абыл Тарақ атындағы музыка мектебінде эстрада жанрында 4-ші сыныптың озат оқушысы.
Республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сүйікті ісі ән айту, кітап оқу. Болашақта әнші болуды армандайды.Республикалық ‹‹Жас қанат. Балалар -2023›› байқауына қатысып, арманым орындалады деп сенеді.
ӘМИНА АСҒАТОВА
Ақтау қаласында дүниеге келген. «Менің отбасым өте өнерлі» - дейді Әмина. Оның ағалары да ән айтуды, домбыра тартуды жақсы көреді. Әмина 6 жасынан бастап ән айта бастаған, әрі домбырамен терме айтқанды жақсы көреді. Көптеген беделді халықаралық байқауларға қатысқан. Ол жерлерде жүлделі орындарға ие болған. Өз болашағын Әмина өнермен байланыстырады.
Сол себепті бұл жолда тайынбай еңбек етуге, білім алуға, әрі жаңа белестерді бағындыруға бел буған. Сондай белестердің тағы бірі «Жас қанат. Балалар» байқауы!
ТҰМАРХАНЫМ ИКЛАСБЕК
Тұмарханым Қызылорда қаласындағы «Бегім-ай» өнер орталығының «Жас толқын» ән үйірмесінің мүшесі. 2021 жылы «Менің сүйікті қалам» атты қалалық конкурстың лауреаты атанды.
Ал келесі жылы облыстық «Ақ көгершін» балалар байқауының І орнын иеленіп, Қызылорда қаласында өткен республикалық «Менде жұлдыз боламын» атты балалар конкурсының Бас жүлдесін жеңіп алды. Енді еліміздің ең үлкен сахнасы Республика сарайында өнер көрсетуге мүмкіндік туғанына өте қуанышты.
АЙЗАТ ШАНИЯР
Айзат Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.2022 жылы Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Сыр бұлбұлдары» конкурсының І орнын жеңіп алған. Сол жылы облыстық «Ақ көгершін» конкурсының Бас жүлдесін иемденді.
Туған облысында байқауларда жеңіске жеткен Айзат Алматыда өткен бірнеше сайыстарда өнерін көрсетіп, жүлделі орынға ие болған. Міне бүгін қайтадан Алматы төрінде бақ сынамақ!
ДИЛЬНАЗ ЕЖИРОВА
Дильназ алғашқы конкурсына 3 жасында балабақшада қатысқан. Содан бері әншілікті серік етіп келеді. 5 жасында өнер академиясына түсіп, сүйікті ісі бойынша кәсіби түрде дәріс алып келеді.
Фортепианода ойнайды. Бірқатар республикалық және халықаралық байқауларға қатысып топ жарған. «Мақсатым өнер әлемінде өз орнымды тауып, орындаушылық шеберлігіммен өз тыңдаушыларымды табу» - дейді Дильназ. Сол мақсатқа жетуіне «Жас қанат. Балалар» байқауы өз септігін тигізері анық.
АДЕЛЬ КЕРЕЕВА
Адель Атырау облысында дүниеге келген. Дина Нұрпеисова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжі жанындағы балалар музыка мектебінде вокал мамандығы бойынша дәріс алады. Орта мектепте 3-ші сыныпта, музыка мектебінде 2-ші сыныпта оқиды. Адель өнерге құштар. 5 жасынан бастап ән айтады.
Әнге деген сүйіспеншілігін таныған ата-анасы ойланбастан Адельді музыка мектебіне берді. Міне қазір сол қадамның дұрыс болғанына олар тағы да куә болады. Өйткені Адель еліміздің ең ірі сахнасының бірі Республика сарайында өнер көрсетуге дайын.
НҰРШАТ ҚҰСАНОВА
Вокалға, биге, фортепианоға, сурет студиясына, актерлік шеберлікке қатысады. Көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. Македонияда өткен халықаралық «Звездечки» фестивалінің 1-ші орнының иегері. Нұршат «Қайтпастар» атты фильміне киноға түскен.
Биден Ақтөбе қаласындағы “Ақбөбек” атты халықаралық фестивалінде, “Танцуй всей душой Ташкент” атты халықаралық сайысында 1-ші орындарға ие болған. Және тағы бірқатар байқаулардың Бас жүлделерін иемденген.
ЕҢЛІК БАЙЗАҚ
Әншілік өнерге Еңлікті әкесі алып келді. 4-ші сыныптан бастап әкесімен бірге ән айта бастаған. Сөйтіп, бірге орындаған әндері әлеуметтік желіде мыңдаған лүпіл жинаған екен.
Сүйікті әншілерінің бірі Димаш Құдайбергеннің Ақтөбе қаласында ұйымдастырған «Бақытты бала» байқауына қатысып, «Өнер қарлығашы» номинациясын жеңіп алған. Одан басқа халықаралық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанған. Қазіргі кезде вокал және фортепиано сыныбында оқиды.
ЗЕРЕ ЖҮНІСБАЙ
Зере Түркістан облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында оқиды. Облыстағы іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Мектепте үздік оқушы. Зере көптеген қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген.
Болашағын өнермен байланыстырады. «Жас қанат. Балалар» байқауының тұңғыш сайыскерлері қатарына ілінгеніне өте қуанышты.
ИНАБАТ ТҮЙТЕБАЙ
Инабат Түйтебай 2010 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен кейін 3 бауыры бар. Кішкентайынан ән айтқанды ұнатады. 2018 жылдан бастап вокал үйірмесіне қатыса бастады. Жетекшісі Сейтхан Қанат Сатбекұлы.
2019 жылы республикалық «Өнерлі балақайлар» ән-би және өнер байқауында бас жүлдеге ие болды. Сол жылы «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінде вокал бөлімі бойынша Алтын жүлдені жеңіп алды. Жыл сайын түрлі конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
БАЛЫМ НСАНАЛЫ
«Мен өнердесе, ішкен асын жерге қоятын өнер сүйер қауымның қатарынанмын» - дейді өзі туралы Балым Нсаналы. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен өнерге құштар. Көптеген байқаулардың жүлдегері. Ақтөбе қаласында өткен "Жас Талант"байкауының "вокал" номинациясы бойынша Бас жүлде иегері атанған.
Одан кейін оннан астам өнер сайысында жүлделі орындарға ие болған. Енді міне «Жас қанат» өнер планетасында өз бағын сынамақ. Айтпақшы, Балым космонавттар күнінде дүниеге келген.
ШАХИСЛАМ ӘБДІҒАЗИЗ
Ақтөбе қаласында туған. 3 жасынан бастап ән айтады, ал 5 жасынан әншілік өнермен кәсіби түрде шұғылдануда. Домбыра тартады, би билейді.
Оған қоса модельдер студиясына қатысады. Сабақты та үздік оқиды. Көп достары бар. Өте белсенді, әрі жан-жақты. Бос уақытында вайндарды түсіргенді ұнатады және Майкл Джексонның шығармашылығын жақсы көреді.