Аружан үшін музыка – жайәншейін қызығушылық емес, өмірінің мәні. Ол сегіз жасында ән айтып, домбыра тартудыүйренген. Міне, содан бастап бүкіл өмірін шығармашылыққа арнаймын деп шешті.
Аружан белсенді өмір салтын ұстанады, спортпен шұғылданады, би билейді. Ол сұлулыққа ғашық, мұны Аружан салған суреттерден байқауға болады. Аружанның кумирі – Уитни Хьюстон, Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Жанар Дұғалова және Мәдина Сәдуақасова. Аружан оларды үлгі тұтады және мақсатына жетуге мотивация алады.
НАРҒЫЗ ЖАНҰЗАҚОВА
Ол бала кезінен ән айтады. Әкесі оны үнемі қолдап, «Менің әлемдік жұлдызым» деп атайды. Музыка Наргиздің көңіл-күйіне қатты әсер етеді, қиялға батырады және өмірдегі маңызды сәттерді еске түсіреді. Бос уақытында ол сурет салуды, фильмкөруді ұнатады, вокалдық және актерлік шеберлігін үнемі дамытып отырады.
Наргиз 2018 жылы Ақтөбеде өткен «Бақытты бала» байқауында Димаш Құдайбергеннің жеке жүлдесін жеңіп алды. Сөйтіп ол Лондонда өткен «Dynasty» әлемдік турына жолдама алды. Наргиздің арманы – елінің, қазақ халқының мақтанышы болу.
ДИАС ЖОРАБЕК
П.И. Чайковский атындағы Алматы музыка академиясының колледжінің студенті. «Қазына» вокалдық ансамблінің әншісі. Диас алты жасынан бастап вокалмен айналысады, «Бала дауысы» байқауында жеңіске жеткеннен кейін ол бүкіл өмірін музыкаға арнағысы келетінін түсінді.
Оның өмірлік мақсаты – мәңгілік өшпес мұра қалдыратын артист болу. Диас өз әнімен миллиондаған адамның жүрегін жаулауды армандайды және мақсатына жеткенше тоқтамайды.
АЛИНА САҒЫНБАЕВА
Ол әрбір жетістік ата-ана тәрбиесінің жемісі деп есептейді. Және ең кішкентай жеңісін де соларға арнайды. Екі жыл бұрын ол дипломатияға қызықты, тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде сыйлық алып, әлемдік деңгейдегі көшбасшылармен әңгімелесті.
Алина 7 жасынан бастап шетелдегі халықаралық музыкалық байқауларға қатысып, бірнеше рет Қазақстанның намысын қорғады. Әнші қыздың қызығушылығы тек өнермен шектелмейді, ол түрлі салаларды байқап көруге құштар. Алған білімінің барлығы вокалдық машығын дамытуға көмектеседі деп сенеді.
НАРИМАН ЖОЛДАСБЕКОВ
Нариманның басты тірегі – жары Аймарал мен ұлы Алпамыс. Жас әншіСегіз сері атындағы ұлт аспаптары оркестрінің артисі. Және Ақан сері атындағы филармонияның Melomix вокалдық тобының әншісі.
Басты арманы – тұлға болып қалыптасу, жас ұрпаққа үлгі болу. Ол, әрине, ұлы музыкант болғысы келеді. Нариман бұл байқауды мақсатына жеткізетін жолдың бастауы деп біледі.
АЛМАГҮЛ БАТТАЛИЕВА
Музыкалық байқаулардың белсенді қатысушысы. 14 жасында өзін толығымен музыкаға арнаймын деп, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжіне оқуға түсті. Өзінің болашағы жарқын екенін және сахна төрінен жұлдыз болып жақырайтынын біледі.
Алмагүл қазақстандық өнерпаздарды құрметтейді және олардан үнемі үйренеді, бірақ оның басты кумирі – Бейонсе. Бейонсенің әндері оған шабыт береді. Алмагүл ән айтудан бөлек, аккордеонда, фортепианода және укулеледе ойнайды.
НҰРАСЫЛ САТЫБАЛДЫ
Нұрасыл ән жазады, бейнеклип түсіреді, концерттерде өнер көрсетеді. YouTube арнасында артистердің жанды концерттерін көріп, шабыт алады. Кітап оқып, тренингтерге қатысуды, үнемі ізденісте болып, адамдармен араласуды жаны сүйеді.
Мәтінтранскрипциясына қарап, ағылшын, француз, орыс, түрік, итальян және корей тілдерінде ән айтады. Ол саксофон, гитара, фортепиано, домбыра, кахон аспаптарының дыбысынан ләззат алады, және оларды композицияға ерекше үн қосу үшін өз шығармашылығында пайдаланады.
МАДИНА ҚАБДОЛЛА
Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқиды. Мадинаның музыкаға құштарлығы аяқ астынан пайда болды. Төртінші сыныпта оқып жүрген ол анасына музыка мектебіне барғысы келетінін айтты. Сөйтіп Мадинаның музыкалық өмірі фортепиано сыныбында басталды. Уақыт өте келе вокалмен де айналысты.
Мадинаның арманы – университетті үздік аяқтап, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде магистратураға түсу. Ол докторлық дәреже қорғап, кітап жазуды, халықтың сүйіспеншілігіне бөленетін музыкалық альбомдар шығаруды армандайды. Мадина Біріккен Ұлттар Ұйымының жобаларында жұмыс істеп, әлемді жақсартуға үлес қосқысы келеді.
САФУАН КӨРЕГЕНОВ
Ол музыкаменекі жыл бұрын, музыкант достары оның әншілік қабілетін мойындаған кезде айналыса бастады. Оның ұстанымы – өмір сүріну мен құлаудан тұрады, мұндай сәттерде берілмей, алға ұмтылу керек.
Сафуан «...сынақтар бізді мықты ету үшін беріледі» деп есептейді. «Жас қанатты» алғаш бала кезінде көрді. Ол уақытта байқауға қатысу тек арман еді. Бірақосы арман елдегі ең беделді вокалдық байқаудың финалына әкелді. Енді ол бас жүлде үшін күресетін болады.
ЕРАСЫЛ МҰҚАНОВ
Ерасыл – Қазақ Ұлттық өнер академиясының эстрада бөлімінің студенті. Ол музыкаға деген махаббат ата-анасынан берілген деп санайды. Музыка бала кезінен сүйікті ісіне айналды. «Ән айтқанда рахат сезімге бөленемін», - дейді жас жігіт. Онымен қоса, Ерасыл үшін жеке тұлға ретінде даму, өзін-өзі жетілдіру және Жаңа Қазақстанға қызмет ету – басты орында.
Ол «Жас Қанат» жетістікке жету жолындағы маңызды кезең болып, жаңа көкжиектер ашады, тәжірибебередіжәне жаңа достар табуға көмектеседі деген сенімде.
ДІЛНАЗ САПАРҒАЛИЕВА
Эстрадалық вокал бойынша білім алған Қазақ Ұлттық өнер университеті колледжінің түлегі. Қазіргі уақытта өз жұмысымен тыңғылықты айналысып, R&B және блюз стилінде ән жазуға машықтанып жүр. Әрдайым мықты әнші болуды армандады, уақыт өте келе, бұл үшін көп еңбек ету қажет екенін түсінді.
Әсіресе әнші қызға минор мен мажордың құбылуы мен әдеттен тыс үйлесімділігі ұнайды. Дильназ бұл салада табысқа жету үшін қайталанбас тұлға болудың маңызды екенін түсінеді. Болашақта ол өзін еркін және тәуелсіз сезінетін шығармашылық ортадан көргісі келеді. Музыка әлемінде өз әндері арқылы өзін танытып, тыңдарман қауымға шығармашылығымен шабыт сыйламақ.
ЕРАСЫЛ ІНІБЕК
Жастайынан көптеген облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысқан. Осы жылдар ішінде ол сахналық шеберлікті меңгеріп, вокалдық қабілетінің үздіксіз дамып келе жатқанына қуанады.
Болашақта өнер саласында еңбек етіп, туған өлкесінің мәдениетін насихаттауды армандайды. Ол сондай-ақ, ел мен жер көріп, түрлі халықтардың салт-дәстүрімен танысудыұнатады.
ЖАНЕЛЬ АТАМБЕКОВА
Ол алты жасынан бастап ән айтып, би билеп, пианинода ойнады. Репертуарында өз әндері көп, ендігі мақсаты – жеке өлең кітабын шығару. Жанель бос уақытында сурет салуды және тоқыма тоқуды жақсы көреді.
11-ші сыныпты бітірген соң Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына түсуді жоспарлап отыр. Ал оны аяқтаған соң әйгілі актриса және режиссер болуды армандайды. Оның ұраны: «Менде арман жоқ, менде тек мақсат!». Иә, оның тек мақсаты бар!
ҚЫМБАТ ЖАМБЫЛБЕК
Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті. Ол өнерлі отбасында туған, бірақ музыкамен кәсіби түрде Қымбат қана айналысады. Бұл оның бала кезінен арманы. Қымбат «Жас қанат» жобасының түсірілімін көрермен ретінде көптен бері тамашалап келді.
Енді міне, өзі де финалға өтіп, әйгілі байқауға қатысып отыр. Қымбат қиындықтан қорықпай, шығармашылық шыңын бағындыруға ұмтылады. Жас әнші өмірге деген сүйіспеншілікпен, таңдаған мамандығымен өз парызын орындауға болатынын дәлелдегісі келеді. Қымбат білімді еңбек етуге қажетті құрал деп есептейді.
ЕРНАЗАР ЖҰБАН
«Алматы әуендері» эстрадалық-симфониялық оркестрінің солисі әрі вокалисі. Оның арманы – өмірде ең бастысы ақшаемес екеніндәлелдеу. Поп-музыканың суперкәсіби маманы болғысы келеді.
Ерназардың репертуарында өзін еркін сезінуге мүмкіндік беретін әндер бар. Музыкалық сапарын домбыра тартудан бастаған жас жігіт бұл аспаптың қыр-сырын жетік біледі.
ӘСЕМ ЕДІГЕ
Әсем Қарағанды медицина университетінде оқиды. «Сенің дауысың әдемі» деген пікірлер Әсемнің өзіне деген сенімін арттырып, сахнаға көбірек шығуына түрткі болды. Міне, сөйтіп, медицина саласындағы алты жылдан кейін ол музыка туралы шындап ойлана бастады.
Болашақта ол бьюти-медицина саласында өз империясын құруды және World Health Organization ұйымында мансап жасауды армандайды. Әсем саяхатты да жақсы көреді. Бала кезінде ол Мәдина Сәдуақасоваға еліктейтін, оның харизмасы мен энергиясы қатты ұнайтын. Әйтсе де Әсемнің еңсүйікті әншісі - Селин Дион. Әйгілі әншінің әнді жүрекпен айтуы, сахнада өзін ұстауы тәнті етеді.
АБАЙ ҚЫРЫҚБАЕВ
Абай бала кезінен-ақ YouTube-тегі әуесқой арнада неше түрлі мәтіндерді дыбыстаумен айналысқан. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің бірінші курсында қызға ғашық болған жас жігіт көпке дейін сезімін білдіре алмады.
Сөйтіп бір күні қызға деген махаббатын авторлық әні арқылы жеткізуге кірісті. Абайдың жан дүниесіне керемет әсер еткен дүние – әкесінің сөзі, ол былай деген еді: «Жүректен шыққан жүрекке жетеді. Құдай саған тыңдаушыңның жүрегіне жету үшін бәрін берді. Ал музыканттың шығармашылығы үшін бір ғана оқиға керек».
КАМИЛЛА РАМАЗАНОВА
Қазақ Тұтыну одағының Қарағанды университетінде Жаңа технологиялар мамандығын оқыды. Камила бала кезінен шетелдік артистерді тыңдап, әрдайым солар сияқты болуға ұмтылды. Соның арқасында ән айтып, осы салада биік белестерді бағындыруға деген құштарлық пайда болды.
Сахнаға саналы түрде жақында ғана шықты және алғашында қорқыныш болғанымен, өзін сенімді және еркін ұстады. Арқасының жарақатына дейін ол черлидингпен, баскетболмен және волейболмен айналысқан, бос уақытын осылай өткізгенді ұнатады.
БЕНАЗИР АЛИМХОДЖАЕВА
Оған әкесі туыстарының есімін біріктіріп, ерекше есім қойған. Беназир П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде хор дирижері мамандығы бойынша білім алды. 2022 жылы Батырхан Шүкенов қорының қолдауымен ол өзінің дебюттік синглы – «Qantar» этно-джаз-рок композициясын шығарды.
Ол музыкант және продюсер ретінде өз өнерін дамытуға ұмтылады және батыл жобалар жасау үшін толық еркіндікке жетуді қалайды. Беназир рок-опера жазып, оны сахналауды, әлеуметтік жобалармен айналысуды және ерекше форматта бейнероликтер түсіруді армандайды.
АЛЕКСАНДРА ТУРЕЦКАЯ
Қазақ Ұлттық өнер университетінде эстрадалық вокал факультетінде оқиды. Соңғы бір жылда ол өзінің бес әнін шығарды. Бастапқыда Саша университетте «Туризм және қонақжайлылық» мамандығы бойынша білім алған.
Бірақ көп ұзамай музыка оның өмірінің ажырамас бөлігі екенін түсініп, өзін толығымен өнерге арнаймын деп шешті. Оның мақсаты - музыка индустриясының керемет тұлғасы болу және тарихта із қалдыру. Саша әннің өз болмысына сай келуіне баса мән береді, және тыңдаушылар оны орындаушы ғана емес, тұлға ретінде де түсінуін қалайды.